• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ұлттық банк дизайны ерекше коллекциялық монетаны саттыққа шығармақ

Жаңа монеталар «Жаратылыс сырлары» сериясымен жарық көрді.
Ұлттық банк дизайны ерекше коллекциялық монетаны саттыққа шығармақ
Фото Ұлттық банктың телеграм арнасынан көшірілді

Еліміздің реттеуші банкі жаңа коллекциялық монетаны шығарды. Монета «MYSYRLYQ TANYM» деген атауға ие. Ол «Жаратылыс сырлары» сериясымен жарық көрді.

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монетаның ерекшелігі ежелгі Мысыр мифологиясын және заманауи технологияларды біріктіруінде деп хабарлады.

–Тантал бөлігінде – египет құдайлары және мифология, күміс бөлігінде – технологиялар символдары және олардың эволюциясы.  Монета сипаттамасы: 925 сынамалы күміс + танталдан жасалған енгізу. Салмағы: 162,2 г. Сапасы: proof • Номиналы: 2 000 теңге,– делінген Ұлттық банктың ресми хабарламасында.

Ежелгі Мысыр мифологиясына арналған коллекциялық монета 400 данамен жасалған. Оны үшінші желтоқсаннан бастап Ұлттық банктың интернет-дүкенінен сатып алуға болады.