28 марта в 09:45

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

28 наурыз таңғы 3:48 Жамбыл облысында жер сілкінді деп Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы хабарлады.

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді
"ЖИ" көмегімен жасалған фото

28 наурызда Қазақстанда жер сілкінді. Жер дүмпуін оңтүстік аудандарының тұрғындары сезінді. Жер сілкінісі таңғы 03 сағат 48 минутта тіркелді.Жер дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай, Қазақстан аумағынан 323 шақырым жерде орналасқан. Мерке ауылында бес балл, Құланда төрт балл, Шу,Төле би, Сарыкемер ауылы мен Тараз қаласы, Қордай, Аса, Мойынқұм ауылында екі баллды көрсеткен. Төтенше жағдай министрлігі жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған ғимарат жоқ деп туралы мәлімет түскен жоқ деп хабарлады.

Құтқарушылар жер сілнікісі кезінде қарапайым ережелерді ұстануға шақырады:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp