Жаяу жүргіншілердің жол үсті өткелі салынады
Жыл басынан бері жаяу жүргіншілерді өткізбеген жүргізушілердің кінәсінен 20 көлік апаты болған. Рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өткен 800 адам айыппұл төлеген. Жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында Оралда жолүсті өткелдерін орнату көзделіп отыр. Оралда әзірге жол асты өткелдері ғана бар. Көбі оны елемейді де. Бірақ жер асты жолын тұрақты пайдаланатын тұрғындар да бар екен. Тек оның тазалығына наразы. Жарығы болмағандықтан, қауіпсіз де емес. - Алдында жинап қойған еді, жарық шамдарын орнатты. Бірақ біреулер кері бәрін сындырып кетіпті. Бейнебақылау камерасын онату керек шығар. Кеште, түнде