Жемқорлыққа жол бермеу жұмыстары басты назарда
БҚО денсаулық сақтау басқармасы жемқорлыққа жол беру фактілерін жою бағытында үнемі жұмыстанып келеді. Бұл туралы бүгін «Антикор орталығында» өткен баспасөз кеңесінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков мәлімдеді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков мәлім еткендей дәрігерлер адам жанына арашасы бола жүріп, өз білімдерін үнемі жетілдіреді. Өйткені медицина мекемесінің директорлары емдеу ісімен қатар барлық заң талаптары бойынша да жұмыс жүргізуі тиіс. Ал тұрғындар тарапынан үнемі әр түрлі пікір болады, дегенмен халықтың бұл салаға көзқарасын өзгерту бағытын