• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Жеті аптаның ішінде 50 батысқазақстандық талапкер ҰБТ ережесін бұзған

Елімізде негізгі ҰБТ жүріп жатыр.
Жеті аптаның ішінде 50 батысқазақстандық талапкер ҰБТ ережесін бұзған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Елімізде жоғарғы оқу орнына грантқа түскісі келетін талапкерлерге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу жүріп жатыр. Сынақ оныншы мамырда басталды. Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыра алатын мүмкіндікке ие болды. Жеті аптаның ішінде батысқазақстандық өрендер 12,1 мың рет  негізгі ҰБТ-ны тапсырған. Ұлттық тестілеу орталығы таратқан ақпаратқа сүйенсек, талапкерлерлің 74 пайызы сынақты қазақ тілінде, 26 пайызы орыс тілінде, 11 адам ағылшын тілінде тапсырыпты.

- Жетінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 67 балды құрады. Ең жоғары нәтиже - 138 балл. Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады, - деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Ұлттық тестілеу орталығы батысқазақстандық 50 талапкердің ережені бұзғанын хабарлады. 26 адам смартфон, смарт көзілдірік, микро құлаққап, шпаргалкала және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетіліпті.

- 24 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ, - деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

ҰБТ оныншы шілдеге дейін өтеді. Сынақ аяқталғасын 31 қазанға дейін бейнежазбалар тексерілмек. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Главный баннер --> after article