• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Жетімдер құқығы қорғалмайды

Облыстық прокуратурада өткізілген алқа отырысында жетім балалардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің құқығы мен мүдделерін қорғау мәселелері талданды. Басқосуда аталған бағыттарда жүргізілген заңдылықтардың жай-күйі, олардың сақталуы бойынша жасалған талдаулардың қорытындысы жария етілді. tengrinews.kz Қоғамдағы өткір мәселелердің бірі – жетімдер жайы. Олардың құқығы қорғалмайды, барар жер, басар тауы жоқ, қылмысқа баратын да солар, тіпті жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын да осы жәудір көз жеткіншектер. Бүгінде облыста 2436 жетім бала баспана кезегінде тұр екен. Олардың 124
Жетімдер құқығы қорғалмайды
Облыстық прокуратурада өткізілген алқа отырысында жетім балалардың және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің құқығы мен мүдделерін қорғау мәселелері талданды. Басқосуда аталған бағыттарда жүргізілген заңдылықтардың жай-күйі, олардың сақталуы бойынша жасалған талдаулардың қорытындысы жария етілді.  
tengrinews.kz
tengrinews.kz
tengrinews.kz Қоғамдағы өткір мәселелердің бірі – жетімдер жайы. Олардың құқығы қорғалмайды, барар жер, басар тауы жоқ, қылмысқа баратын да солар, тіпті жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын да осы жәудір көз жеткіншектер. Бүгінде облыста 2436 жетім бала баспана кезегінде тұр екен. Олардың 1249-ы кәмелет жасына толғандар. Өңірде жыл сайын жетімдер санатындағы 40-50 жанға тұрғын үй берілгенімен, олардың саны да жыл санап көбейіп барады. Тағдыр тәлкегімен ата-ана қамқорлығынсыз қалса бір сәрі, жетімдер қатарын жылдан-жылға тастанды және ажырасқан отбасылардың  балалары толтыра түскені қынжылтады.             Ресми орындарда тіркелген жетімдердің саны көңіл көншітпейді. Облыста 966 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Көп ретте ата-аналары құқықтарынан айырылып, шектелсе, тастандылар мен тәрбиелеуден бас тарту фактілері де азаймай отыр. Кәмелет жасына толған балалардың барар жер, басар таулары болмай тұр. Сол себепті олар «Шаңырақ» балалар үйін әлі де паналауға мәжбүр. Аталған үй әлі күнге облыстық білім басқармасының балансында. Алқалы жиында бұл ғимаратты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің құрамына беру мәселесі көтерілді. - Балалар үйлерінде тәрбиеленген жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі ақсап тұр. Соңғы 3 жылдағы тексеріс қорытындысына сәйкес, жұмыспен қамту органдарына 22 жетім бала тіркелсе, соның 13-і ғана тұрақты жұмысқа орналастырылған. Түрлі жағдайларда 7 жетім бала өмірмен хош айтысса, 5-іне жыныстық күш көрсетілген. Оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактілері де орын алған, - деді БҚО прокуроры САПАРБЕК НҰРПЕЙІСОВ. Бұл санаттағы жасөспірімдердің мүліктік құқықтарының қорғалуы да тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеген. Әлі күнге 300-ден астам балаға ата-аналарынан тиесілі алимент төленбеген. Мұндай жағдайларда іске жеке сот орындаушылардың араласуыларына тура келген. Ал әлеуметтік сала мамандарының айтуынша, жетімдердің жай-күйі, олардың тұрмысы кей толық отбасылардан да артық. Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді. Тек кейбірінің мінез-құлқы, өмірге деген құлшынысы төмен. Тіпті жетім балалар үйінде олар өз төмек орнын да жинамайды. Тазалықты шараларына үлес қоспайды. Бәрін әлеуметтік қызметкерлер жасайды. Ал бұл мұндай балалардың күні ертең еңбекке араласып, қоғамда өз орнын табуына кері әсер етпей ме? Сондықтан бұл мәселеге егжей-тегжейлі қарап, оның себептерін тереңнен іздеген жөн.             Отырыс соңында жетімдердің құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті органдардың жұмыстарын жандандырып, тиімді шаралар қабылдау ұсынылды. Облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Балалар үйінсіз Орал» жобасын әзірлеп, жүзеге асырудың жоспары талқыланды.   Арман Курманалиев  
Главный баннер --> after article