Жол жөндеу кестеден бұрын орындалуда
Орал қаласында көше жолының жөнделуі мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін. Қазірдің өзінде екі нысанда жұмыс тапсырылды. Жалпы биыл шаһарда 70 шақырым жол қалпына келтірілмек. Шаған жағалауы көшесінде жұмыс аяқтала келді. Жол жөндеу 2 апта бұрын басталған еді. Бұл аумақта Орал қаласында бірінші рет жаңа технология тәсілі пайдаланылуда. Мамандардың айтуынша, ұсақталған қиыршық тасты асфальт бетон төсеудің игілігі мол. Бұл материал жолдың тез жарылуына қарсы тұрады. Өте төзімді әрі сапасы да жоғары. - Ұсақталған қиыршық тасты асфальт бетон басқалардан құрамы жағынан ерекшеленеді. Мұнда қиыршық тас к