Жолда ана мен баланы аман сақтап қалған медбике «100 жаңа есім» жобасына енді
Тасжолдың бойында ана мен бала өмірін аман сақтап қалған ауылдық мебдике «100 жаңа есім»" жобасына енді. 29 жасар медбике далалық жағдайда жас келіншекті акушер-дәрігердің көмегінсіз өзі босандырып алған. Әрі баланың дүниеге келуі өте ауыр жағдайда өткен. Сәл қателік болса, ана да, бала да өліп кетуі мүмкін еді. Оқиға жазда Орал-Тасқала тасжолының бойында болған. Қалаға бет алған көліктегі аяғы ауыр келіншек әрі қарай шыдай алмайтынын айтып, Переметное ауылынан «жедел жәрдем» шақыртады. Бірақ ол кезде Зеленов аудандық ауруханадағы акушер-дәрігер еңбек демалысында болады. 10 минутта келіп жетке