7 часов назад

Алаяқтық жасаған күдікті Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

Алаяқтық жасап, атқарушы құжаттарды орындамаған қазақстандық Сауд Арабиясында қолға түсіп, елге қайтарылды.

Фото: pexels.com

Алаяқтық жасап, атқарушы құжаттарды орындамаған Қазақстан азаматы Сауда Арабиясынан экстрадицияланды. Бұл туралы еліміздің бас прокуратурасы мәлімдеді. Күдікті 2108-2023 жылдары Алматы қаласында адамдарды алдап, олардың сеніміне кіріп, 19 миллион теңге болатын азаматтардың мүлкі мен қаржысын иемденген. 

2Сондай-ақ істі болған күдікті ұзақ уақыт бойы коммерциялық компанияның құны 82 миллион теңге тұратын тауарын жеткізу міндеттемесінен жалтарған. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті шетелде бойтасалағандықтан оны халықаралық іздеуге жариялайды. Биыл күдікті Сауд Арабиясында қолға түсіпті. 

Бас прокуратураның сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі таңда шетелде бойтасағалан адам тергеу изоляторына қамалды. Күдікті жасаған қылмысы үшін 5 жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: pexels.com