07 августа в 19:00

Ақтөбеде жалған құжат жасап, жүк көлігін заңсыз тіркеген қылмыстық топ құрықталды

Қылмыстық топ жүк көліктерін заңсыз тіркеген.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында жалған құжат жасап, жүк көліктерін заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы қаржылық мониторингтік агенттігінің ресми өкілі Ержан Тайжан мәлімдеді. 

Ұйымдасқан топтың қатысушылары жалған сатып алу мен сату шарттарын жасап, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілері қолданып, «Автоіздеу» ақпараттық жүйесіне жүк көліктерін бастапқы тіркеуден өткізген. Осылайша шындыққа жанаспайтын ақпаратты енгізу арқылы 77 темір тұлпар тіркелген.

— Аталған заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облысының аумағында салық заңнамасында белгіленген рәсімдерді әдейі айналып өту үшін жүргізілген. Бастапқы тіркеу алымдарын төлемеу салдарынан мемлекетке келген жалпы залал 740 миллион теңгеден асты, — дейді қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ержан Тайжан.

Сот шешімімен қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды.