Ақтөбе облысында 14987 бала бірінші сыныпқа қабылдауға құжат тапсырған

Жаңа оқу жылында Ақтөбе облысында 19270 бала алғаш мектеп табалдырығын аттамақ.

Ақтөбе облысында 14987 бала бірінші сыныпқа қабылдауға құжат тапсырған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау жүріп жатыр. Мектептер құжаттарды 31 тамызға дейін қабылдайды. Жаңа оқу жылында Ақтөбе облысында 19 мыңнан астам бала алғаш мектеп табалдырығын аттамақ. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады. Қазіргі таңда оқу ордалары 14897 баланың құжатын қабылдап үлгерген. Бірінші сыныпқа қабылданғандардың 83 пайызы қазақ тілінде, 2804 оқушы орыс сыныбында білім алмақ.

Облыстық әкімдік қызметкерлері бірінші сыныпқа алты жасқа толған балалар немесе биыл алты жасқа толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады деп хабарлады. Басты шарт – баланың мектепке бекітілген аумақта тұруы. Құжаттарды ата-аналар өтінішті электронды үкімет порталы egov.kz арқылы рәсімдей алады немесе құжаттарды қағаз түрінде тапсырады. Қабылдау бекітілген үлгілік ережелерге (2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрық) сүйене жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес мектеп өзіне бекітілген аумақта тұратын үш баланы және қызмет көрсету аумағынан тыс бірінші болып өтініш берген бір баланы қабылдауға міндетті.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp