13 августа в 10:35
Атырау облысында тұрғыннан марихуана тәркіленді
52 жастағы тұрғыннан есірткі тектес зат табылды.
22 шілдеде Атырау облысына қарасты Доссор кентінде есірткі затын қолданды деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Полиция қызметкерлері күдіктінің пәтерін тінту барысында ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдікке ұқсас зат салынған үш ораманы тауып, тәркілеген.
Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың 120 грамм болатын марихуана екені расталыпты. Қазіргі таңда қолға түскен азаматқа қатысты қылмыстық кодекстің 296 бабы, екінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.
- Семь человек осудили за терроризм в Казахстане
- Россия выдала Казахстану подозреваемого в насилии над ребёнком
Фото: pexels.com