Атырауда шенеунік өз-өзіне қол салды
Атырау облысының полиция департаменті қазіргі таңда суицид жағдайына байланысты қылмыс іс қозғалғанын мәлімдеді.
Атырау облысында мемлекеттік қызметкер өз-өзіне қол салды. Atyrauoil.official-дың таратқан ақпарына сүйенсек, марқұм Құрманғазы ауданы жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы бөлімін басқарған екен. Атырау облысының полиция департаменті суицидті растап, қазіргі таңда тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
— Құрманғазы ауданында орын алған өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның толық мән-жәйін анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізілуде,— делінген Атырау облысы полиция департаментінің хабарламасында.