Атырауда жерді заңсыз пайдаланғандар 7 млн теңге айыппұл төледі

Атырауда 42 тұлға жерді заңсыз пайдаланыпты.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Атырауда 42 адам жерді заңсыз пайдаланған.Олар құжатсыз мемлекеттік жерлерді өз бетімен иеленген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Заң бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік кодекстің 136 бабына сәйкес іс қозғалыпты. Олар жалпы жеті миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады. 

Ақша мемлекет кірісіне толықтай өндірілген. Құқық бұзған жандарға заң бұзушылықтарды жою үшін міндетті орындалуы тиіс нұсқамалар беріліпті. Атырау облыстық жер ресурстарын басқару департаменті екі жер учаскесін нысалы мақсаты бойынша игеру қажеттігі бойынша нұсқама беріпті. Алайда бұл талаптар орындалмапты. Сол себепті департамент жерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша сотқа талап-арыз берілген.