5 часов назад

БҚО құрамасы туризм техника бойынша жарыста топ жарды

Жарыс Түркістан облысында ұйымдастырылды.

БҚО білім басқармасының фотосы

Батыс Қазақстан облысының құрамасы туризм техникасы сайыста топ жарды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. Жарыс қазанның 7-12 аралығында Түркістан облысында өтті. Додаға жеті өңірден 100 астам қатысушы бақ сынапты.  Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының «Балалар», «Жасөспірімдер» және «Ересектер» құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын иеленген.

Жеке сынақ бойынша:

  • Ерғали Гүлмира – І орын;
  • Оразалы Айару – І орын;
  • Ишанов Ерасыл – І орын;
  • Нигметов Ерлан – ІІ орын;
  • Джумагалиева Гулизар - ІІ орын;
  • Қасымғали Бекбарыс – ІІ орын;
  • Марат Нурсауле - ІІ орын;
  • Жәңгірханұлы Әмірхан - ІІІ орын.
  • Кенжемұрат Темірлан - І орынға тұрақтап, топ жарды.

Батыс Қазақстан облысының құрама командасы Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Тасқала ауданының білім алушыларынан құралған. Жеткіншектерді Камшат Неталиева, Әди Темірболат, Ерлан Нигметов баптаған.

БҚО білім басқармасының фотосы