БҚО-да егін ору науқаны жалғасуда
Батысқазақстандық дихандардың астығы 8 қамбада сақталмақ.
Батыс Қазақстан облысында егін ору науқаны жалғасуда. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Кенес Кайдашов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда 283 мың гектардан дәнді дақылдар орылыпты. Оның орташа өнімділігі бір гектардан 12,8 центнер жиналыпты. Сала мамандары өткен жылы өнімділік бір гектардан тоғыз центнер болғанын хабарлады.
— Облыста егіс алқабы 638 мың гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар 288,7 мың гектар, майлы дақылдар -137 мың гектар, көкөніс бақша дақылы 4,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар - 208,8 мың гектарды құрайды. Дәнді дақылдардың 99 пайызы орылды. Қазір құмай мен тарыны жинау қалды. Олар барлық дәнді дақылдардың бір пайызын құрайды. Дихандар екі мың гектар жерді жинайды. Майлы дақылдарға келетін болсақ, күнбағыс қалды, солфродты жинап бола келді. Бидайдың барлығын орып алды. Шаруалар қиыр, қызанақты түгел жинады. Қазір кеш пісетін сәбіз, қырыққабат пен картоп өнімдерін жинауда, — деді Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы, астық және тұқым инспекциясы бөлімінің басшысы Кенес Кайдашев.
Өңірде астық жинайтын сегіз қамба бар. Олар Бәйтерек, Теректі, Тасқала, Шыңғырлау мен облыс орталығында орналасқан. Кәсіпорындардың сыйымдылығы 586 мың тоннаны құрайды. Бұдан өзге дихандар астықты өздерінің қоймаларында сақтайды. Қазіргі таңда астық қабылдау кәсіпорындарында 120 мың тонна сақталуда. Облыстық орташа жүктелуі 21 пайызды құрайды. Сала мамандары астық сақтайтын қамбалар штаттық режимде жұмыс істейді деп сендірді.
Күзгі өнім жинау науқанында шаруаларды дизель отынмен қамту маңызды. Биыл кәсіпкерлерге Атырау мұнай өңдеу затынынан жеткізу оператор ретінде «Neftek Operating» компаниясы анықталыпты. Қазіргі таңда сұйық отынның бағасы шаруаларға 242 теңгеден саудаланып жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы күні бүгінге дейін 10,1 мың тонна дизельге келісім шарт жасалыпты. Оның бес мың жуығы саудаланған.
Күзгі дала жұмысына 5312 бірлік трактор, 911 комбайн, 3711 тіркеме мен өзге де техника қатысуда.
Облыстық өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруаларға жергілікті бюджеттен 2,6 миллиард теңге қаражат бөліпті. Оның 1,9 миллиард теңгесі субсидия екен. 720 миллион теңге қаржы шегірткемен күреске бағытталған.