Оралда «Отбасы банкі» арқылы ипотекаға үй салғысы келетіндер үшін дайын 1000 пәтер сатып алынбақ
2026 жылы Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы кезекте тұрған жандар үшін Орал қаласынан дайын 1000 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр.

Орал қаласында «Отбасы банкі» арқылы ипотека үй алатын жандар үшін дайын мың пәтер сатып алынбақ. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұркен Молдашев мәлімдеді. Мемлекет ипотека арқылы үйлі болғысы келетіндер үшін баспана салмай, келер жылдан бастап дайын пәтерді сатып алу тәжірибесін іске асырмақ. Баспана салу үшін «Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жер берудің тәртібін қарастыратын көрінеді. Алдын ала жоспар бойынша үйлер Ақжайық шағын ауданында бой түзейді екен.
— Қалада қаншама үйлер салынып жатыр, жекеменшік құрылысшылардың коммерциялық үйлердің эскиздері әртүрлі. Біреуінің түсі-ақ тас болса, біреуінікі - қызыл, сары, сұр тас. Түрлі-түрлі салынып жатыр. Өздеріңіз білесіздер тасты Ресейден алып келеді. Ақшаның барлығы басқа елге кетеді. Екінші мәселе бірқалыпты архитектурный стиль болуы үшін фиброцементный плита деген бар. Қазақстанда зауытымыз бар. Семей, Алматы, Астанада зауыты бар. Қазіргі таңда фиброцементный плитадан жайлы мектептерді салуда. Астанада салынған үйлердің қасбеті фиброцементый плитадан қолданылады. Үйлердің қасбетін сол материалдардан жасау үшін бірқалыпты архитектурный стиль жасап шығардық. Біздерді үйлерді сатып алуға көшіп жатырмыз. Өйткені біздер бұрыннан бері конкурс ұйымдастырамыз, тендер өтеді, басқа жақтың компаниялары ұтып алады. Сосын жүреміз я инфляциялық қымбаттау, я соттасу, не технадзор қол қоймайды, не авторлық қадағалау қол қоймайды. Сосын олармен соттасамыз. Олар басқа жақтан келгесін бір «чемоданмен» келеді де, мыннан бәрін жалдайды. Өзге мердігерді жалдайды. Олар жұмыс істемейді. Олардың ақшаларын бермейді. Бес жылға дейін барған жобаларымыз бар. Мысалы «Құрман құрылыс» деген компания Атыраудың, «Оңдасын строй» деген компаниялар бар. Сол салып жатыр. Бірақ уақыты созылып кетті. Сондықтан біз бір бағаны қойдық, — деді Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Нұркен Молдашев.
Сырым ауданында жаңа қасбеті жасақталған екі үй салынуда. Ол баспананың бір шаршы метрі 330 мың теңге деп бағаланыпты. Мердігер компания баспананы әрлеп тапсырады екен. Үйдің қасбетіне қажетті материалды Алматы мен Семейден тасымалдапты. Жаңа қасбет 15-20 жылға дейін жарамды екен.
Құрылыс басқармасы 2026 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша дайын пәтерлердің таза әрлеуіндегі құны бір шаршы метріне 340 мың теңгеге бағаланыпты. Басқармасы салған мердігерден баспананы бірден сатып алады. Тіпті ешқандай конкурс я тендер ұйымдастырмайды екен. Биыл үйдің бір шаршы метрі үшін 320 мың теңге деп бекітілген. Өткен жылдары баспананың бір шаршы метрі — 295-300 мың теңгеге салыныпты.
Сатып алатын пәтерлердің шаршы метрі бекітіліпті. Бір бөлмелі үй 28-45 шаршы метр, екі бөлмелі баспана 45-65 шаршы метр болса, үш бөлмелі қоныстың аумағы 65-85 шаршы метрді құрауы тиіс. Бірақ құрылысшылар үйдің аумағын 10 шаршы метрге көбейте алады.
Дайын үйлерді сатып алу үшін 17,5 миллиард теңгедей қаржы керек. Қыуар қаражатты құрылыс басқармасы 0,35 пайызбен несиеге алмақ. Олар баспаналарды сатып, несиесін жаппақ.
Жаңадан салынатын баспаналарға қойылатын талап күшті. Құрылыс басқармасы мердігерлерге салынуы тиіс баспананың санаты мен техникалық сипаттамасы жасақталатын хабарлады.
Құрылыс басқармасы дайын тұрғын үйге мынандай талаптар қойыпты:
- ІV жайлылық класы;
- 3 қабаттан төмен емес;
- Таза әрлеуде берілуі тиіс;
- Ауласы абаттандырылған, көгалдандырылған;
- Демалыс аймақтары мен авто тұрақ болуы қажет;
- Құрылысқа замануи материалдар қолданылуы тиіс;
- Силикат кірпіш;
- Жұмсақ шатыр;
- Асфальталған кіреберіс жолдар;
- Аумақты жарықтандыру қамтамасыз етілуі тиіс.
Өткен аптада облыстық әкімдікте атқамінерлер мен мердігерлермен кездесіпті. Жиында дайын алу мәселесі қаралған. Құрылысшылар мен мердігерлермен дайын үйлерді сатып алу мәселесі қазанның аяғына дейін талқыланбақ.
Қазіргі таңда «Отбасы банкі» Батыс Қазақстан облысы филиалының таратқан ақпарына сүйенсек, өңірде 39 493 адам баспана кезегінде тұр. Оның 26 531 тұрғын Орал қаласында кезекке тұрып, үй алуға ниетті.
БҚО құрылыс басқармасының фотосы