• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен 58 жастағы әйел адам жан тапсырды

62 жастағы күдікті қолға түсті.
Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен 58 жастағы әйел адам жан тапсырды
Фото "МГ" ақпарат агенттігінің мұрағатынан

Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен әйел адам жан тапсырды. Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, қанды оқиға туралы хабарлама 16 наурызда шамамен сағат 03.30-да келіп түскен.

Қазіргі таңда 62 жастағы күдікті қолға түсіп, полицияға бөліміне жеткізілген. Облыстық полиция департаменті мән-жай анықталуда деп хабарлады. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Atyrauoil.official парақшасының таратқан ақпарына сүйенсек, марқұм №16 мектепте мұғалім болып жұмыс істеген екен.

Главный баннер --> after article