• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Norway Chess Women 2026: Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде топ жарды

Жас спортшы Norway Chess Women 2026 халықаралық сайысында алғаш рет қатысып, бірінші орынды қанжығалады.
Norway Chess Women 2026: Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде топ жарды
Фото: norwaychess.com

Белгілі шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Жас спортшы мерзімінен бұрын бірінші орынды қанжығалады.

Туризм және спорт министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, халықаралық сайыс 25 мамырда басталып, бесінші маусымға дейін өтуі тиіс еді. Норвегияның Осло қаласында ұйымдастырылған бәсекеге Қазақстан, Қытай, Үндістан мен Украинаның спортшылары бақ сынады. Тартысты турнирге алты спортшы қатысты. Бибісара бұл жарыста алғаш рет бақ сынапты.

Қазақстандық спортшының қарсыластары қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнь мен шахмат әлемінің белгі өкілі үндістандық Хампи Конеру, Norway Chess Women байқауының өткен жылғы жеңімпазы украиналық Анна Музычук және әлем кубогының иегері үндістандық Дивья Дешмукх болды. Бибісара бұл сайыстың ең жас қатысушысы болды.

Турнир форматы жарыс екі айналымды жүйеде өтті. Ойынның шарты бойынша әр ойынша бір-бірімен екі рет ойнайды. Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз "Армагеддон" ережесі бойынша анықталды.

Главный баннер --> after article