Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру шарттары
«Мой город» ақпарат агенттігінің сайты мен https://mgorod.kz онлайн-платформаларында үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері, шарттары және ұсыну тәртібі туралы ақпараттық хабарлама.
Ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын «Мой город» ақпарат агенттігінің сайты мен https://mgorod.kz онлайн-платформаларында орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы.
«Медиастарт 2012» ЖШС – «Мой город» ақпарат агенттігінің меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға «Мой город» ақпарат агенттігінің сайты мен https://mgorod.kz онлайн-платформаларында үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін интернет-ресурстағы орынның ақы мөлшері, шарттары және ұсыну тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлауалды үгіт-насихат 2026 жылдың 23 шілде сағат 18:00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады.
Үгіт материалдары* https://mgorod.kz сайтында келесі форматтарда орналастырылады:
Материалдарды «Мой город» сайтында онлайн-платформаларда және «Мой город» газеті орналастыру:
| Материал түрі | Көлем | Теңгемен көрсетілген құны, ҚҚС-ты қоса алғанда |
|---|---|---|
| Мақала | 8 000-10000 таңбадан аспайды (пробелмен), 5 фотосуретке дейін | 499 720 |
| Instagram желісіндегі материал | Фото/видеопост | 200 000 |
| «Мой город» газеті | ш.см | 800 |
Баннерлік жарнама
| Орналасуы | Көлем | Теңгемен көрсетілген құны, ҚҚС-ты қоса алғанда |
|---|---|---|
| Жоғарғы баннер | Desktop 1165 x 120 px Mobile – 1165 x 120 px |
40 000 |
| Оң жақ | Desktop 300 x 250 px | 40 000 |
*Барлық үгіт материалдары толық дайын күйінде ұсынылады және сайт иесі тарапынан редакциялық өңдеуге жатпайды.
«Медиастарт 2012» ЖШС үгіт материалдарын https://mgorod.kz сайтында партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиямен жасалған жазбаша шарт негізінде орналастырады.
Үгіт материалдарының саны, көлемі, оларды орналастырудың болжамды күні мен уақыты партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияның сенім білдірілген өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі және кейіннен шартта бекітіледі.
Өтініш әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен келіп түскен күні беріле отырып, кезектілік тәртібімен тіркеу журналына тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
- партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- саяси партияның сенім білдірілген өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (оның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);
- өтініш беруші саяси партияның сенім білдірілген өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі;
- шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
- қағаз жеткізгіштегі үгіт материалының мәтіні.
Үгіт материалдары https://mgorod.kz сайтында жарияланатын күнге дейін 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Егер үгіт материалдары Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, «Медиастарт 2012» ЖШС оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Сайтта үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу уақытына қарай айқындалады. Егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе тарту арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін сайт иесі белгілейді.
Үгіт материалдарында оларды төлеу туралы мәліметтер, қаржыландыру көздері, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлға туралы деректер көрсетілуге тиіс.
Саяси партиялар үгіт материалдарының мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына сәйкестігі үшін жауапты болады.
Сайт иесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе олардың таратылуын тоқтата тұруға құқылы, оның ішінде материалдарда:
- конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақырулар;
- мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қол сұғушылық;
- әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе өзге де алауыздықты қоздыру;
- қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау;
- басқа кандидаттардың немесе саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болған жағдайда.
Үгіт материалдарын орналастыру туралы жасалған шарт бойынша төлем ұсынылған төлем шоты негізінде, шот қойылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштерді «Медиастарт 2012» ЖШС 2026 жылғы 15 шілде мен 17 тамыз аралығында (қоса алғанда), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін, 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Мұхамедханов көшесі, 6Б, 2-кіреберіс, G қабат, 49-кеңсе.
Тел: +7 705 217 02 17
Факсимильдік байланыс немесе интернет арқылы жолданған өтініштер қабылданбайды.
Информационное сообщение
Об условиях и порядке размещения агитационных материалов на сайте информационного агентства и онлайн-платформах https://mgorod.kz политическим партиям, выдвинувшим партийные списки кандидатов в депутаты Құрылтая Республики Казахстан.
ТОО «Медиастарт 2012» - собственник информационного агентства «Мой город», в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан от 28.09.1995 года «О выборах в Республике Казахстан», информирует политические партии, выдвинувшие партийные списки кандидатов в депутаты Құрылтая Республики Казахстан, участвующих в выборах, назначенных Указом Президента Республики Казахстан от 01.07. 2026 года №1338 на 23 августа 2026 года о размере оплаты, условиях и порядке представления площади на интернет-ресурсе для размещения агитационных материалов на сайте информационного агентства и онлайн-платформах https://mgorod.kz (далее – Агитационные материалы).
Предвыборная агитация начинается после 18.00 часов 23 июля 2026 года и заканчивается в 00.00 часов 22 августа 2026 года.
Агитационные материалы* размещаются на сайте https://mgorod.kz в следующих форматах:
Размещение материалов на сайте Мой город, онлайн-платформах и в газете «Мой город»
| Вид материала | Объем | Стоимость в тенге, в том числе НДС |
|---|---|---|
| Статья | Не более 8000-10000 знаков с пробелами, до 5 фото. | 499 720 |
| Материал в Instagram | Фото/видеопост | 200 000 |
| Газета «Мой город» | Кв.см. | 800 |
Баннерная реклама
| Позиция | Объем | Стоимость в тенге, в том числе НДС в сутки |
|---|---|---|
| Верхний баннер | Desktop 1280 x 120 px Mobile – 400 x 120 px |
40 000 |
| Боковой баннер | Desktop 300 x 250 px | 40 000 |
*Все агитационные материалы предоставляются в завершенном виде и не подлежат редакторской доработке собственником сайта.
ТОО «Медиастарт 2012» размещает агитационные материалы на сайте «Мой город» на основании письменного договора с политической партией, выдвинувшей партийные списки.
Количество, объем, предполагаемые дата и время размещения агитационных материалов указываются в письменном заявлении доверенного лица политической партии, выдвинувшей партийные списки, которые затем фиксируются в договоре.
Заявление регистрируется в журнале регистрации в порядке очередности, путем присвоения каждому письменному заявлению порядкового номера и даты поступления заявления.
К письменному заявлению прилагаются:
- копия документа, подтверждающего регистрацию партийного списка;
- копия документа, подтверждающего полномочия доверенного лица политической партии (в том числе удостоверение выданное уполномоченным органом);
- копия удостоверения личности доверенного лица политической партии, подающего заявление;
- документы, подтверждающие полномочия лица, уполномоченного на подписание договора;
- текст агитационного материала на бумажном носителе.
Агитационные материалы предоставляются за 3 (три) календарных дня до предполагаемого размещения на сайте https://mgorod.kz.
ТОО «Медиастарт 2012» вправе отказать в размещении агитационных материалов, в случае если материалы не соответствуют требованиям действующего законодательства Республики Казахстан.
Очередность размещения агитационных материалов на сайте определяется по времени поступления письменных заявлений. В случае одновременного поступления заявлений очередность определяется путем жребия. Порядок проведения жребия определяется собственником сайта.
Агитационные материалы должны содержать сведения об их оплате, источниках финансирования, а также данные о лице, предоставившем соответствующую информацию.
Политические партии несут ответственность за соответствие содержания агитационных материалов требованиям законодательства Республики Казахстан, в том числе в части соблюдения авторских и смежных прав.
Собственник сайта вправе отказать в размещении либо приостановить распространение агитационных материалов в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, включая наличие в материалах:
- призывов к насильственному изменению конституционного строя
- посягательств на территориальную целостность и безопасность государства
- разжигания социальной, расовой, национальной, религиозной или иной розни
- пропаганды жестокости и насилия
- сведений, порочащих честь, достоинство или деловую репутацию иных кандидатов либо политических партий
Оплата по заключенному договору за размещение агитационных материалов осуществляется на основании выставленного счета на оплату в течение 5 (пяти) дней с даты выставления счета.
Письменные заявления принимаются ТОО «Медиастарт 2012» с 15 июля 2026 года по 17 августа 2026 года включительно, кроме выходных и праздничных дней с 09.30 до 17.00 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.00 часов по адресу: город Астана, ул. Мухамедханова 6Б, 2 подъезд, офис 49, этаж G.
Тел: +7 705 217 02 17
Заявления посредством факсимильной и Интернет связи не принимаются.
Өтініш қабылдау мәліметтері
Факсимильдік байланыс немесе интернет арқылы жолданған өтініштер қабылданбайды.
Заявления посредством факсимильной и Интернет связи не принимаются.