БҚО-да «Қаладан ауылға» жобасы аясында 872 адам қоныс аударды
Өңірде 180 жанұя бағдарламаға қатысып, ауылға көшті.
Батыс Қазақстан облысында «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске асуда. Бастама 2024 жылы басталды. Күні бүгінге дейін елді мекендерге 872 адам қоныс аударыпты. Бұл туралы стратегия және экономикалық даму басқармасы мәлімдеді. Пилоттық жобаның арқасында 180 ауылға көшіпті. Сала мамандары шекара маңында орналасқан ауылға 97 отбасы, 500 тарта батысқазақстандық көш түзеген.
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, жоба аясында 96 елді мекенде іске асады. Қоныс аударатын ауылдардың қатарында 51 шекара шебінде орналасқан.
Жобаға Орал мен Ақсайда бес жылдай өмір сүрген, сұранысқа ие мамандар, екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер қатыса алады.
— Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздар арасында жұмысқа орналасу үшін жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударудың артықшылығы:
- Ауылда білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ветеринария, АӨК салаларында сұранысқа ие мамандар;
- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
- Көпбалалы отбасыларға беріледі, — деп хабарлады облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы.
Пилоттық жобаға қатысатындарға баспана беріліп, ауылдық ағайын алдына мал салып береді. Бұдан өзге қатысушылар мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көрмек.
«Қаладан ауылға» жобасы 2026 жылға дейін жалғаспақ.