15 марта в 08:00

БҚО-да «Қаладан ауылға» жобасы аясында 104 отбасы ауылға көшті

БҚО-да 2024 жылы «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске басталды. Бағдарлама ауыл халқын тұрақтандырып, елді мекендердің әлеуетін арттыруға арналған.

БҚО-да 2024 жылы «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы іске басталды. Бағдарлама ауыл халқын тұрақтандырып, елді мекендердің әлеуетін арттыруға арналған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында ауыл халқын тұрақтандырып, мамандармен толықтыру мақсатында «Қаладан ауылға» пилоттық жобасы бастау алды. Жоба аясында облыстың 57 елді мекені таңдалыпты. Сала мамандары биыл бұл тізімге енетін ауылдың саны көбейетінін айтады. 2024 жылы елді мекендерге 120 жанұя қоныс аударады деп жоспарланған еді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 104 отбасы ауылға көшті. Ауылға 519 адам қоныстанды. Оның 326-сы бала. 119 адам жұмысқа орналасып, үш азамат кәсібін ашыпты. Ауылдық жерге 39 мұғалім, 10 медицина қызметкері көшіп, еңбекке араласқан.

«Қаладан ауылға» пилоттық жобасы аясында Қазталов ауданына 19 жанұя қоныс аударыпты.

– Қазіргі таңда 17 адам тұрақты жұмысқа, сегізі ақылы қоғамдық жұмыстар мен маусымдық жұмыстарға, төртеуі мұғалім болып, біреуі тәлімгер ретінде, біреуі оператор ЭВМ, біреуітәрбиеші, 11 мектептегі түрлі жұмыстарға екі адам шаруа қожалықтарына жұмысшы ретінде, бір азамат ауыз су операторы болып жұмыс істеуде.  Үш тұрғын вахталық қызметте, бір адам «Даму бала» бағдарламасы арқылы Жаңатан негізгі мектебінде оқушыларға тенис үйірмесін ашты. Алты әйел бала күтімінде. Көшіп келген 19 отбасының 11-і бұрын сол елді мекенде туып-өсіп қалаға көшіп кеткендер, сегіз отбасы бұрын сол елді мекенде мүлде тұрмағандар. «Қаладан ауылға» жобасы аясында көшіп келген тұрғындар округ әкімдіктерімен тұрғын үй кезегіне қойылып, тұрғылықты жерлерге ресми тіркеу жұмыстары жүргізіліп 19 отбасының 18-і жаңа баспаналы болды. 1 отбасыға ауыл тұрғындары көмегімен ескі үй жөнделіп берді, -дейді Казталов ауданының әкімі Асыланбек Саркулов.

Жаңақала ауданында пилоттық жоба бойынша қоныс аударатындар үшін төрт ауылдық округтен, бес ауыл таңдап алынған. Аталмыш ауданға 11 жанұя қоныстаныпты. Биыл Жаңақала ауданына сегіз елді мекенге он отбасыны көшірмек.

2025 жылы пилоттық жоба облыстық барлық ауданында жүзеге аспақ. Әр ауданға он отбасыны көшіру жоспарланып отыр.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp