17 июля в 12:30
БҚО-да құрғақ шөп жанды
Тілсіз жау Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылының маңында таралған.
Батыс Қазақстан облысында құрғақ шөп жанды. Тілсіз жау Бәйтерек ауданына қарасты, Достық ауылының маңында тіркелген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қызыл жалын төрт гектар жерде таралған.
Өрт сөндіру қызметіне тілсіз жау туралы қоңырау 22:59-да келіп түскен. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды түнгі сағат 00:07 шамасында сөндіріпті. Қызыл жалынмен алты өрт сөндіруші мен екі техника және мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі де жұмылдырыпты. Төтеншеліктер өрттің неден шыққаны енді анықтамақ.
Куәгер видеосынан стоп-кадр