7 часов назад

Халықаралық жарыста батысқазақстандық оқушылар тоғызқұмалақтан алтын медаль қанжығалады

Жас спортшылар Румынияда өткен тоғызқұмалақ жарысында топ жарды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Батысқазақстандық оқушылар Рунымияда тоғызқұмалақтан ұйымдастырылған халықаралық жарыста топ жарды. Сайыс қыркүйектің бесі мен жеті аралығында өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жас спортшылар екі алтын, екі күміс қанжығалап, командалық есепте бірінші орын иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Румынияда өткен дода Қазақстан, Румыния, Германия,Түркия, Италия, Болгария, Венгриядан алпысқа жуық спортшы бақ сынаған.

Халықаралық сайыста ерлер арасында алтын медальді Әбдрахман Текебай иеленді. Қыз балалар арасында алтын медальді Қарақат Сәлімғали иеленсе, күміс медальді Ализа Ерниязова мен Айым Қонасова еншілеген.