11 часов назад

Маңғыстауда қаржы пирамидасын құрған адам салымшылар қаражатының 2 млрд теңгесін казина салған

Пирамиданы құрған адам салымшылардың ақшасына үй салып, шетелде қыдырып, қызының Лондондағы оқуын төлепті.

Фото: pexels.com

Маңғыстауда «Sax Invest» қаржылық пирамидасының бөлімшесін басқарған қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Қаржы пирамидасы өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар, қаржы құралдары мен басқа да активтердің иесі деп атапты. 

Сондай-ақ  компания Африкада алмаз өндіру бойынша жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған. Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде тоғыз миллиард теңгеден астам қаражат тартқан. Тергеу барысында бұл қаражаттың көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылғаны анықталды. 

Пирамиданы ұйымдастырушы қыруар қаржыны жеке мақсаттарға жұмсаған. Ол екі миллирад теңгені казинаға салыпты. Және «Блайсико» атты бақылауындағы компанияның үлесін сатып алуға 28 миллион теңге, Атырау қаласындағы екі пәтерге 70 миллион теңге, жеке үй құрылысына 120 миллион теңге, шетелде демалуға 377 миллион теңге, қызының Лондонда оқуына 53 миллион теңге жұмсаған.

Агенттік өкілдері Меңдығалиевтың қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін 143 салымшының 1,2 миллирад теңгеден астам залалын өтеуге қатысты медиативтік келісімдер жасағанын хабарлады. Сондай-ақ ол 2023 жылдың соңына дейін жеті миллирад теңге сомасында мыңнан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деген кепілдік міндеттемелерін берген. Алайда қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген азамат уәдесінде тұрмады. Өткен жылдың қарашасында оны халықаралық іздеуге жариялады.

— Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 миллион теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде: төрт пәтер, екі жеке үй, екі автокөлік, он мың USDT көлеміндегі цифрлық активтер, сондай-ақ «ForteBank» пен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның бағалы қағаздары бар, — деді Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агентігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған он адам танылды. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы жеті адамға қолданылды.

Фото: pexels.com