Оралда 1-2 қарашада ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді

Жәрмеңке 1-2 қарашада ұйымдастырылады.

Облыс орталығында қарашаның бірі мен екісі күндері ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді. Бұл туралы Орал қаласының әкімдігі хабарлады.

Сенбі күні жәрмеңке әдеттегідей Ықсанов көшесінде өтпек. Ал, екінші қарашада Зачаган кентінде Жәңгір хан көшесі 52 Б мекенжайында ұйымдастырылады.

Жәрмеңке таңғы сағат тоғыздан түскі бірге дейін өтпек.