04 сентября в 15:00

Оралда 6-7 қыркүйекте азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Сенбі, жексенбі күндері ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған жәрмеңке Ыхсанов пен Жәңгір хан көшесі 52Б, «Депо» базары аумағында ұйымдастырылмақ.

Оралда 6-7 қыркүйекте азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
Фото: pixabay.com

Оралда алтыншы, 7 қыркүйекте ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Жәрмеңке алтыншы қыркүйекте Ықсанов көшесінің бойында өтеді. Ал, жексенбі күні “Депо” сауда орталығы, Жәңгір хан көшесі 52Б мекенжайында ұйымдастырылмақ. 

Сауда-саттық таңғы тоғыздан түскі бірге дейін болады. Қала әкімдігі жәрмеңкеде балық, тауық және өзге де ет өнімдері саудаланбайтынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда 30-31 тамызда да ауылшаруашылық өнімдері қойылған жәрмеңке өткен еді.

Фото: pixabay.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp