Оралда арқан тартыстан турнир өтеді
Жарыс 19 қыркүйекте болады.

Оралда қала күні мерекесіне орай арқан тартыстан «ORAL CUP-2025» турнирі ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады. Сайыс 19 қыркүйекте сағат 16:00 басталмақ. Тұңғыш президент алаңында өтпек.
Жарыстың шарты бойынша бір командада сегіз спортшы болады. Екі адам оларды алмастыра алады. Салмақ дәрежесі 724 келіден аспауы шарт.
Жүлде қоры 500 000 теңгені құрайды.
Сайыстың бас жүлдесін иеленгендер 200 000 теңге ұтып алады. Ал, екінші орын үшін 150 000 теңге, үздік үштікке енгендер 100 000 теңге ақшалай сыйға ие болады.