Облыс орталығында әдеп кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында тексерістен өтіп, қызметінде кінәрат табылған мекеме басшыларының есебі тыңдалды. Бірінші болып Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов есеп берді. Ол ауданда мемлекеттік қызметке арналған конкурсты ұйымдастыру жайлы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын қамтамасыз етуді баяндады.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зәуре Базарғалиева да тексеріс нәтижесінде жіпке тізді.
Әдеп кеңесінде мемлекеттік мекемелерге тиесілі көліктерді қолдану жайлы мәселесі қаралды.
– «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 592-бабы негізінде, яғни белгiленген жүру жылдамдығын асырғаны үшін қызметтік автокөліктердің 95 бұзушылығы тіркелген. Аталған фактілер 33 мемлекеттік органда қызмет бабында және қызметтен тыс уақытында орын алғанын көрсетті. Қызметтік автокөліктерді қызмет бабында пайдалану кезінде, яғни жұмыс уақытында жылдамдықты асырудың 65 фактісі немесе 68,4% тіркелді, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Дулатбек Молдағалиев.
Бұзушылықтардың басым бөлігі Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріммен тіркелген. Бөрлілік атқамінерлер жеті бұзушылық жасапты. Жаңақала ауданының мемлекеттік қызметкерлері де бес рет заң бұзған. Бұдақ бөлек, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, Орал қаласының, Бәйтерек ауданының және Бөкей ордасы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен төрт бұзушылық тіркелді деп хабарлады облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.
– Қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта, демалыс және мереке күндері пайдаланудың 30 бұзушылығы немесе 31,6% (ЖАО-29, Мәслихат-1) анықталды. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарымен – алты бұзушылық, Бөкей ордасы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен – бес бұзушылық, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен және Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарымен – екі бұзушылық, - деді Дулатбек Молдағалиев.
Бұдан бөлек, әдеп жөніндегі кеңесте өткен жылдың желтоқсанында Бөрлі ауданының Пугачев ауылдық округінің әкіміне берілген қатаң сөгісті уақытынан бұрын алып тастау мәселесі қаралды. Кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Аудан әкімдігі әдеп жөніндегі кеңеске осындай ұсыныс хат жазыпты. Аудан билігі ауыл әкімінің іскерлігін, ұйымдастыру қабілетін айтып, мақтауын асырған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Пугачев ауылының әкімі месенджер арқылы шағымданған әйел адамның туысына қатысты бейәдеп сөз қолданды.
Жалпы жыл басталғалы бұған дейін үш әдеп кеңесі өтті. Кеңесте үш мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды.
БҚО-да ауыл әкімі шағын футбол алаңын жөндетемін деп басы дауға қалды