Қазақстанда азаматтық алу үшін тестілеуге тіркелу басталды
Азаматтық алу үшін тестілеу 11 қыркүйекте өтеді.

Қазақстан азаматтығын алғысы келетін жандарға тестілеу 11 қыркүйекте өтпек. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
Қазіргі таңда тест тапсыруға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Екінші қыркүйектен оныншы қыркүйекке дейін азаматтар өтініш бере алады. Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі үш бөлімнен тұрады. Қазақ тілі бойынша тест 30 тапсырмадан тұрады. Сынақты қазақ тілінде тапсырады. Шекті 15 балды құрайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест 40 тапсырмадан құралған. Ата заңға арналған бөлімде 20 балдан төмен жинамауға болмайды. Тапсырманы орыс немесе қазақ тілінде тапсыруға болады. Қазақстан тарихы бойынша тест қазақ немесе орыс тілінде 30 тапсырма беріледі. Тесттен 15 бал төмен жинамау қажет.
— Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50. Тестілеу уақыты – екі сағат он минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі. Тестілеуге қатысу құны — 14 693 теңге, — делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.
Толық ақпаратты testcenter.kz сайтынан оқуға болады.