25 шілдеден бастап ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталады

Талапкерлер білім сынағын тамыз айында тапсырады.

25 шілдеден бастап ҰБТ тапсыруға өтініш қабылдау басталады
Фото: Testcenter.kz

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуді тамыз айында тапсыру үшін өтініштерді қабылдау басталды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Өтінішті бесінші тамызға дейін тапсыруға болады. Білім сынағы тамыздың оны мен он төрті аралығында өтеді. 

Тамыздағы ҰБТ-ға шекті баллды жинай алмаған талапкерлер тапсырады. Олар жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алады. Өтініш беру кезінде тест тапсырушылар ҰБТ өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алады.

— Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады, — деп Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жауапты министрлік колледж түлектері өз мамандығы бойынша оқуын университеттерде білім алу үшін әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданатынын хабарлады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp