Оралда жаңа 10 автобус желіге шықты

Жаңа автобустар №2 маршрутта қызмет атқармақ.

Орал қаласы әкімдігінің фотосы

Орал қаласында қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты. Су жаңа 10 көлік №2 маршруттың қатарына қосылды. «Ютонг» маркалы үлкен класты автобустар жолаушыларды тасымалдамақ. Көліктердің кілтін қала әкімі Мұрат Байменов табыстады.

Биыл облыс орталығында 12 Отандық үлкен класты автобусы, «Вектор Некст» маркілі үш орта классты және алты шағын класты автобуспен тасымалдаушылар алмастырды.

Қала әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, Оралда  26 қалалық, 10 саяжай және 7 қала маңындағы бағыттарда жолаушыларды тасымалдайды. Күн сайын 280-нен астам көлік тұрғындарға қызмет көрсетеді. Автобустар тәулік  сайын шамамен 180 000 жуық жолаушыны тасымалдайды. Жылына автобустардың қызметін 55 миллион жолаушы қызметін пайдаланады.