07 марта в 10:00

Оралда бес жаңа автобус пайдалануға берілді

Оралда №30Д маршруты «Вектор Next» маркалы автобустармен толықты.

Оралда №30Д маршруты «Вектор Next» маркалы автобустармен толықты.
Орал қаласы әкімдігінің фотосы

Орал қаласында №30 Д маршруты жаңа автобустармен толықты. Қоғамдық көлік облыс орталығы мен  Бәйтерек ауданына қарасты Асан ауылын жалғайды. Елді мекен тұрғындары бұл күнді асыға күтті. Себебі осы уақытқа дейін жолаушылар тозығы жеткен қоғамдық көлікпен қатынап жүр еді. Қоғамдық көлікке деген сұраныс көп. Қоғамдық көліктерді «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС сатып алды. Автобустар Қазақстанда құрастырылған. Оның сыйымдылығы 60-70 адамды құрайды.

– Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС №30Д маршрутына қызмет көрсетеді.  Келісімшарт бойынша біздер 5 автобусты жаңарту керек еді. Осы талаптар орындалды. Компания  ПАЗ «Вектор Next» маркалы жаңа автобустарды сатып алды. Осының арқасында жолаушыларды тасымалдау ісінде іркіліс болмайды деп сенеміз. Біздер жаңа автобустарды бөлмей, бір маршрутқа шығару жөнінде шешім қабылдадық. Келешекте №19 маршрутты жаңарту жоспарда, - дейді «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС директоры Асхат Көлбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 4 наурызда Орал қаласында жаңа 12 автобус пайдалануға берілді. Yutong маркалы үлкен класты қоғамдық көліктер №5 маршрутта жолаушыларды тасымалдайды.  

 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp