04 марта в 13:00

Оралдық №5 маршрут жаңа автобустармен толықты

Пайдалануға 12 жаңа автобус берілді.

Оралда 5 жаңа автобус пайдалануға берілді
Орал қаласы әкімдігінің суреті

Облыс орталығында жолаушыларды тасымалдайтын көліктер Yutong маркалы үлкен класты 12 автобуспен толықты. Қоғамдық көлік №5 маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдайды. Қоғамдық көлікті «Оралавтотранс» ЖШС сатып алыпты. Автобустардың кілтін шаһар басшысы Мұрат Байменов тапсырды.

- Тұрғындарымыздың игілігі үшін жасалып жатқан игі істің куәсі болып отырмыз. Жергілікті автопарктердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жұмыстанудамыз. Біз әрқашан жолаушы тасымалын оңтайландыруды басты назарда ұстау қажетпіз. Жыл сайын бұл мақсатта айтарлықтай жұмыс жасалуда. Бұдан былай да осы саладағы қордаланған мәселелердің шешімін табу үшін жұмыстанамыз, - деді Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов.

Жаңа автобустар мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсетуге бейімделген. Қоғамдық көлік кондиционер, күшейтілген жылыту жүйесімен және бейнекамерамен жабдықталған екен.

Соңғы жылдары Орал қаласында қоғамдық көліктер 136 бірлік жаңа автобуспен толықты. Бұл ескі автобустардың санын 26 пайызға қысқартуға септігін тигізген. 


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp