7 часов назад
Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта іске қосылды
Пилоттық жоба Алматы қаласында іске асып жатыр.
Қазақстанда SIM KIDS жобасы іске қосылды. Жаңашылдық Алматы қаласында жүзеге асып жатыр. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Прокурорлар TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп балаларға арналған SIM-картаны іске қосты. Пилоттық жоба аясында SIM KIDS автоматты түрде зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді және дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді.
Пилоттық жоба сынақ кезеңінен сәтті өтіпті. Жаңа бастама барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді екен.
- Грубое обращение с детьми выявили прокуроры в детских садах ЗКО
- Детские SIM-карты планируют ввести в Казахстане