17 августа в 11:00

БҚО спортшылары ел чемпионатында топ жарды

Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ескек есуден ел біріншілігі өтті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Батысқазақстандық спортшылар ел біріншілігінде топ жарды. Алматы шаһарында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында байдарка мен каноэ есуден ел чемпионаты ұйымдастырылды. Сайыста 11 облыстан 125 спортшы бақ сынады. Қазақстан чемпионатында ескек есуден батысқазақстандық спортшылар топ жарды деп облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша Никон Дергунов, Михаил Киреев, Надежда Пережогина, София Зубенко жеңіс тұғырынан көрінді. Батысқазақстандық спортшылар түрлі қашықтықты бағындырып, алтын, күміс пен қола медальді қанжығалады.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 150 тарта бала байдарка мен каноэ есу спортмен шұғылданады.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы