10 августа в 17:00

Қазақстанда 183 мың бала медициналық тексерістен өтті

Ел аумағында «Саламатты жаз-2025» атты акция өтуде.

Қазақстанда 183 мың бала медициналық тексерістен өтті
Денсаулық сақтау министрлігінің фотосы

Биыл жазда 183 588 бала медициналық тексерістен өтті. Дәрігерге қаралған 12 766 сәбиде алғаш рет түрлі сырқат анықталыпты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ел аумағында жаз мезгілінде кәмелетке толмағандардың денсаулығын тексеру мен сақтау үшін «Саламатты жаз-2025» атты акция өтуде. 

— Бағдарлама еліміздің барлық өңірлерін қамтиды және бірқатар іс-шараларды, соның ішінде негізгі кезеңде олардан өтпеген балаларды қосымша медициналық қарап-тексеруден өткізуді, сондай-ақ ашық есік күндерін өткізуді және медициналық ұйымдарда «Денсаулығыңызды тексеріңіз» акциясын қамтиды, - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Медицина қызметкерлері «Саламатты жаз-2025» акциясында түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлген. Балалар мен ата-аналардың қатысуымен 23 мыңнан астам дәріс ұйымдастырылыпты. Оған 150 мыңнан астам адам қатысқан. Дәрігерлер іс-шара барысында инфекциялық аурулардың алдын алу, қауіпсіздік және психоэмоционалдық денсаулық негіздері мәселелері бойынша жадынамалар таратып, бейнероликтер мен инфографика көрсетеді. Аталмыш акция маусымда басталып, тамыз айының соңына дейін жалғаспақ.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp