Қазақстанда медбикелер науқастарға диагноз қоймақ

Жаңашылдыққа сәйкес медицина саласындағы жүктемені азайып, медбикелердің рөлі арта түседі.

Қазақстанда медбикелер науқастарға диагноз қоймақ
Фото: pixabay.com

Елімізде медбикерлерге қосымша жүктеме енгізіледі. Енді олар науқастарды қабылдап, азаматтарға медбикелік диагноз қояды. Бұл туралы республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова орталық коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Орталық директорының сөзіне сенсек, бұл жаңашылдық жүктемені азайып, медбикелердің рөлін арттырмақ.

 – Пациенттер медбикеге дәрігердің көмекшісі ретінде ғана емес, қабылдауды жүзеге асыратын толыққанды маман ретінде де қол жеткізе алады. Қабылдауда әлеуметтік және психологиялық тәуекелдерге, оның ішінде осалдық факторларына, өмір сүру жағдайларына, тамақтануға, күтімге және т.б. сауалнама жүргізіледі. Бұл пациенттің жағдайының негізделген бейнесін қалыптастыруға және келесі қадамдарды жасауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін медбике мейірбикелік диагноз қояды, классификаторға сәйкес мейірбикелік араласуды орындайды, АДҚ үзіндісін, анықтамаларды ресімдейді және динамикалық бақылау жоспары бойынша ұсыныстар береді, – дейді республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова.

Орталық басшысы дәрігерлер күрделі клиникалық жағдайларға назар аудара алады. Осының арқасында динамикалық бақылаумен қамту 38%-ға дейін өсті, ал созылмалы пациенттерге көзқарас жүйелі және сапалы болды, – деп хабарлады.

Фото: pixabay.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp