5 часов назад
25 қыркүйектен бастап Қазақстанда ескі 5000 теңгелік купюралармен сауда жасай алмайсыз
2011 жылғы ескі 5000 мыңдық купюраларды банк пен Қазпоштада айырбай аласыз.
Қазақстанда 25 қыркүйектен бастап ескі 2011 жылы айналымға шыққан 5000 теңгелік купюралармен сауда жасай алмайсыз.Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ. Дүкен мен сауда саттықтан қалған ескі банкнотаны үш жылдың ішінде екінші деңгейлі банк пен Қазпоштаның филиалдарында ауыстыруға болады. Ал, Ұлттық банктің өңірлік бөлімдері бұл қызметті біраз уақытқа дейін атқарады.
Реттеуші банк 2023 жылы Сақ стилінде жаңа 5000 теңгелік банкнотаны айналымға шығарды. Оның түсі қызыл, қызғылт сары. Пішіні ескі банкнотамен салыстырғанда кішірек.Купюраның сырт жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан аясында Қазақстанда мекендейтін бүркіттің бейнесі бейнеленген.
Медет Медресовтың фотосы