12 часов назад
БҚО-да түрмеге тыйым салынған зат әкелмек болғандардың жолы кесілді
БҚО-да түзету мекемесіне деп алып келген шай қаптамасынан 19 жасыл түсті, өсімдік тектес зат табылыпты.
Орал қаласында орналасқан №28 түзету мекемесіне тыйым салынған затты алып кірмек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
Түзету мекемесі мен 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері шай қаптамасына тыйым салынған заттарды жеткізудің жолын кесті. Қызметкерлер шай қаптамасының ішінен қою жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 19 түйіншекті тапқан. Оқиға орнына Орал қаласы полиция басқармасының жедел тергеу тобы келіп, тыйым салынған заттарды тәркіленген.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
- Оралда сарбаздар түрмеге телефон алып кірмек болғандардың жолын кесті
- Оралда әскерилер қазақ тілін оқытуға арналған курсқа қатысты