03 августа в 11:00

Оралда әскерилер қазақ тілін оқытуға арналған курсқа қатысты

Әскерилерге арналған тіл курсы Оралда алғаш рет ұйымдастырылды.

Оралда әскерилер қазақ тілін оқытуға арналған курстарға қатысты
“Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің фотосы

Оралда әскери қызметкерлер үш ай қазақ тілін оқыды. Мұндай тіл курстарын алғаш рет мәдениет,  тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен  Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бірлесіп ұйымдастырылған. Осының арқасында 100 әскери мемлекеттік тілді үйреніп, тіл білгендері деңгейін көтерген. Әскерилер тілді меңгеру деңгейіне байланысты үш топқа бөлініпті. Сабақтар заманауи әдістемелер негізінде жүйелі түрде өтіпті. Нәтижесінде әскери қызметшілер А1 мен С1 деңгейін меңгерген.

— Мемлекеттік тілді меңгеру – біздің азаматтық әрі әскери борышымыз. Қазақ тілін терең үйренуге бағытталған мұндай бастамалар тек тілді ғана емес, ел ішіндегі бірлікті де нығайтады. Қызмет барысында мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу, ресми құжаттарды қазақ тілінде әзірлеу – басты ұстанымымызға айналуы тиіс, – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының аға офицері Артур Ажикенов.

Үш айға жалғасқан тіл курсын аяқтаған әскери қызметшілер тест тапсырып, алған білімін тексерген. Соның нәтижесінде 51 адам арнайы сертификатқа ие болды.

“Батыс” өңірлік қолбасшылығының фотосы

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp