Үкіметте алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралады
«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы Үкімет отырысында ұсынылды. Қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің бас қаржы құжатының негізгі параметрлері туралы баяндады.
Қаржы министрінің айтуынша, 2026 жылы кірістер 23,1 триллион теңгені құрап, 2028 жылға қарай 27,6 триллион теңгеге дейін артады, шығыстар – 27,7 триллион теңгені құрайды. Бюджет тапшылығы 2026 жылғы жалпы ішкі өнімнің 2,5% — 2028 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 0,9% дейін кезең-кезеңімен төмендетіледі. Министр бюджет ұзақ уақыт ішінде алғаш рет Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді пайдаланбай теңдестірілгенін атап өтті.
Бұл ретте ол экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдаудың айтарлықтай ұлғаюымен әлеуметтік бағдарланған күйінде қалып отыр.
— Шығындарды оңтайландыру және басымдық беру бойынша жұмыс жүргізілді. Оңтайландырылған қаражат нақты секторға бағытталды. Экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстар 10,9% — 16,1% дейін ұлғайып, 4,470 триллион теңгені құрады, — деп атап өтті қаржы министрі Мәди Такиев.
Шығыстардың негізгі үлесі — 38,7% немесе 10,7 триллион теңге, дәстүрлі түрде әлеуметтік салаға бағытталған.
Экономиканың нақты секторын қолдауға арналған шығыстар 3,6 триллион теңгені құрайды. Оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 732 миллиард теңге, көлік инфрақұрылымына – 855 миллиард теңге бағытталатын болады. Республикалық жолдарды салуға тағы 580 миллиард теңге мемлекеттік кепілдіктер тетігі арқылы тарту жоспарлануда. Күштік блок шығыстары үш триллион теңгеден астам қаржы көзделген.