Без рубрики
10 айда 11 жасөспірім өз өмірін қиған
Өрімдей өрендердің өз еркімен бұл өмірмен қоштасуына не себеп? Қалайша қайғылы оқиғалардың алдын аламыз? Өзекті өртеп, әркімді алаңдатқан бұл сауал бүгін №10 мектепте өткен жоспардан тыс семинарда жан-жақты қаузалды. Педагог-психологтардың басын қосқан бұл шараның кенеттен өткізілуі тегін емес. Өйткені, дабыл қағатын жағдай. Жыл басынан бері облыста 11 жасөспірім өз өмірін оп-оңай қиа салған. Өзін-өзі өлтіру, әсіресе, өндір жастың қыл арқанды қайшымен қия салғандай өз өмірін шорт кесуі бұрын шетін оқиға еді. Қазір таңсық емес. Естісек те, селт етпейтін болдық. Шошысақ та, шарасызбыз. 20 күн бұ