18 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Өңірде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге аса бастады. Оның орындалуына облысқа 3,5 миллиардтан астам теңге қаражат бөлінген. Бағдарлама аясында жыл сайын 800 жас тегін кәсіби білім ала алады. 18 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Облыста жұмыспен қамту саласындағы Президент тапсырмасы орындалуда? Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов баяндады. Жаңа бағдарлама нақты еңбек нарығының сұранысын өтеуді көздейді. Бірінші бағыт бойынша биыл 800 жасты тегін оқыту жоспарланған. Және де 677 адам қ