Орал қаласында жолаушыларды тасымалдау үшін күн сайын 300-ден астам автобус жолға шығады. Облыс орталығында ай сайын 4,5 миллионнан астам адам қоғамдық көліктің қызметін пайдаланады.
Тасымалдау саласын атқарушы билік субсидиямен қолдайды. Өткен жылы оралдық автопарктерге 5,6 миллиард теңге болатын демеу қаржы төленген. Десек те, бұл қаржы тасымалдаушы компаниялардың шығынын өтемей, субсидияға көңілі толмағандар Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімін сотқа беріпті.
Биыл автопарктерге қанша субсидия төленбек? Автопарктер қанша көлік сатып алды? Оралда автобус жүргізетін қанша жүргізуші тапшы? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын «Мой город» ақпарат агенттігінің You Tube арнасынан біле аласыздар? Арнайы хабарды көріңіз.
Автобустерге қандай баға бересіз? Ойыңызды комментарийге жаза кетіңіздер.