• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда инватакси қызметі цифрландырылады

Нақтыланған шаһар бюджеті 163,7 миллиард теңгені құрамақ.
Оралда инватакси қызметі цифрландырылады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда қоғамдық кеңес мүшелері 2026 жылға арналған шаһар бюджетінің нақтылауымен танысты. Қаланың бас қаржыгері Азамат Қадыров жағдайды жіпке тізді. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы нақтылану нәтижесінде Оралдың бюджеті 163,7 миллиард теңгені құрайтынын мәлімдеді. Шаһар бюджеті жыл басынан бері 13% көбейген.  

Қыруар қаржы қайда жұмсалады?

Главный баннер

— Орал қаласының бюджеті өзіндік кірістер есебінен 8,1 миллиард теңге соммасында ұлғайту жоспарланды. Бұл өз кезегінде келесі шығыстарға бағытталатын болады. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалын субсидиялауға -2,8 миллиард теңге, Орал қаласында санитарияны қамтамасыз ету үшін екі миллиард теңге, сонымен қатар жарықтандыру жұмыстарына 210 миллион теңге, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 309 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұнымен қоса, әлеуметтік сала бойынша мүгедектігі бар азаматтарға гигиеналық құралдармен, сурдо, тифло құралдармен қамтамасыз етуге 500 миллион теңге жоспарланып отыр. 350 миллион теңге мүгедектігі бар азаматтарды инватакси қызметтерімен қамтамасыз етуге жоспарланып отыр. Сонымен қатар осы бюджетті нақтылау барысында төртінші деңгейдегі ауылдық бюджеттеріне 1,1 миллиард теңге қарастырып отыр. Ол өз кезегінде санитарияны қамтамасыз етуге, жарықтандыру жұмыстарына бағытталады. Қалалық мемлекеттік мекемелердің ағымдағы шығыстарына 42 миллион теңге жоспарланып отыр. Сонымен қатар бюджетті нақтылау барысында облыстық бюджеттен 8,4 миллирад теңге қарастырылып отыр. Ол негізі бір жоба бойынша, Орал қаласында солтүстік-шығыс ауданындағы су бұру жүйесінің құрылысы бойынша 8,4 миллиард теңге қарастырылған, – деді Азамат Қадыров.

Қоғамдық кеңес мүшелері экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысын сұрақ астына алды. Диас Жәнібек инватакси қызметіне қатысты ойын ортаға салды. Ол бұл салада ашықтық болуы керектігін айтып, жүріп-тұру маршрутын білу үшін цифрлық жүйеге енгізу керектігін айтты.  

Қоғамдық кеңеске сөз алған Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерболат Каримов 2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап инватакси қызметі цифрлық жүйеге енетінін хабарлады.

Жиында Ерболат Нұрланұлы Ауған соғысының ардагерлеріне арналған төлемді жылына бір рет төлеу туралы ұсыныс білдірді. Осыған дейін ауған соғысының ардагерлеріне бірнеше мәрте ақы төленіп келген. Енді жаңашылдыққа сәйкес осы топтың ардагерлеріне тек тоғызыншы мамырда ғана қаражат аударылмақ. Бөлім басшысы аударылатын қаражаттың мөлшері кемімейтінін мәлімдеді.

Фотогалерея
1 фото
Главный баннер --> after article