Астанада таксиге отырған ер адам қыз баланың ар-намысына тиіп, көлігін өртеп жіберемін деп қорқытқан. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Әлеуметтік желіде таралған видеода ер адамның қыз баланы балағаттап, қорқытқанын көруге болады.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны анықтады. Заң бұзған тұрғын 39 жастағы Данияр Ахметов екені белгілі болды.
Сот шешімімен ер адам он тәулікке қамауға алынды.