• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

2000-ға жуық Оралдық тегін кеңес алды

Оралға келген «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясының бір мақсаты – негізінен ел арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу. Екі күн бойы қалада 300-ге жуық маман жұмыс істеді. Оның құрамында 7 министрлік пен 3 ұлттық компанияның өкілдері болды. khabar.kz «Нұр Отан» партиясы БҚОФ ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі - Биғайша Ғаббасова. Ол 2004жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған. Кейін ешқандай ескертусіз бұл кезектен шығып қалыпты. Оның себебі де бар екен. - Менде ауданы 11 шаршы метр баспанам болды. Оны банктегі қарызымнан құтылу үшін сатып жібердім. Бірақ мен
2000-ға жуық Оралдық тегін кеңес алды
Оралға келген «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясының бір мақсаты – негізінен ел арасындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу. Екі күн бойы қалада 300-ге жуық маман жұмыс істеді. Оның құрамында 7 министрлік пен 3 ұлттық компанияның өкілдері болды.
khabar.kz
khabar.kz
khabar.kz «Нұр Отан» партиясы БҚОФ ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі - Биғайша Ғаббасова. Ол 2004жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған. Кейін ешқандай ескертусіз бұл кезектен шығып қалыпты. Оның себебі де бар екен. - Менде ауданы 11 шаршы метр баспанам болды. Оны банктегі қарызымнан құтылу үшін сатып жібердім. Бірақ мен ол жатақханамды сатқанда, автоматты түрде кезектен шығып қалатынымды білген жоқпын. Маған ешкім ескерткен жоқ. Енді қала әкіміне барсам, сотқа барыңыз, сосын кезегің қайта орнына келеді дейді. Ал мен соттасқым келмейді ешкіммен. Және сотқа төлейтін де ақшам жоқ. Айлығым 30 мың. Жодасым жоқ. Қызым қанша рет биржаға тіркелсе де, жұмысқа орналаса алмай отыр. Мамандығы – бастауыш мектептің мұғалімі. Биржа бойынша барады, бірақ барған жерінде «орын жоқ, кісі алып қойдық» деп шығарып салады. Екі жылдан бері осылай, - дейді өз өтінішін айтқан Орал қаласының тұрғыны Биғайша ҒАББАСОВА. Қала тұрғынын мұқият тыңдап, мән-жайды қабылдауға қатысқан жергілікті мамандардан сұрап білген «Тәуелсіз қазақстан» пойызы штабының басшысы Әміржан ӘЛПЕЙІСОВ: - Міне, қала әкімінің орынбасарымен сөйлесіп отырмыз. Қызыңызға жұмыс тауып береді. Біз де бұл мәселені тіркеп, қадағалаймыз. Ал үй кезегіне келетін болсақ, оны енді сот шешеді. Сіз сотқа жүгінуіңіз керек. Әйтпесе, біз заңнан аттап кете алмаймыз, - деп жауап берді. Ал Александр Капустин басын кондиционерге соғып алып, жарақат алған. Оның айтуынша, кондиционер дүкенде талапқа сай орнатылмапты. - Мен ауруханада жатып полицияға өтініш жаздым. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ, - дейді ол. Қабылдауға келген Капустинге Орал қаласының прокуроры АЙДЫН РАШИДОВ бірнеше кеңес берді. - Бұл полицияның шаруасы емес. Сіз, біріншіден, мемлекеттік архитектуралық құрылыс ұйымына жүгінуіңіз керек. Олар сіз айтқан нысанды талаптарға сай жұмыс істемегені жөнінде жауапкершілікке тартады. Және сіз материалдық және моральдық шығынды өтеуге талап-арыз беруге құқыңыз бар. «Нұр Отан» ғимаратаныда жарты күнде 16 адам қабылдаудан өтті. 8 сұрақ оң шешілді. Ал қалған мәселелердің шешімі Президент әкімшілігінің қадағалауында болмақ. Ал кәсіпкерлерпалатасында бизнес қауымдастықпен кездесу өтті. Мұнда мемлекеттік қолдау шаралары түсіндіріліп, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша кеңес берілді. Бизнесмендер субсидия алу, кепілдеме қою, жер телімдерін беру бойынша өз сауалдарын мәселе ғып көтерді. Облыстық диагностикалық орталықта 600 тұрғын дәрігерлік қабылдаудан өтті. Негізінен офтальмолог, невролог, кардиологтарға келушілер көп болды. 50-ден астам науқасқа республикалық орталыққа қаралуға жолдама берілді. Түрлі сала мамандары екі күн бойы 6 жерде тұрғындарды қабылдады. Шара аясында 2000-ға жуық батысқазақстандық тегін кеңес алды.   Арман Курманалиев  
Главный баннер --> after article