06 августа в 10:26

2026 жылдан бастап қант диабетімен ауыратын науқастар МӘМС жүйесі арқылы дәрі-дәрмекпен қамтылмақ

Денсаулық сақтау министрлігі қант диабетімен ауыратын науқастардың 96 пайызы МӘМС жүйесіне қосылғанын хабарлады.

2026 жылдан бастап қант диабетімен ауыратын науқастар МӘМС жүйесі арқылы дәрі-дәрмекпен қамтылмақ
Фото pixabay.com сайтынан жүктелді

Келер жылдан бастап қант диабеті сырқатына шалдыққандар үшін жаңа ереже өз күшіне енбек. Биыл жауапты министрлік осы дертке шалдыққан жандарды емдейтін дәрі-дәрмектердің тізімін жаңартты. Тізімде тек тиімділігі дәлелденген дәрілер қалыпты-мыс.

- Жаңа буын инсулиніне — деглудекке қолжетімділік кеңейіп келеді, ол қазір пациенттердің барлық санаттарына, соның ішінде жүкті әйелдер мен балаларға қолжетімді болады,-делінген денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

 2026 жылдан бастап қант диабетімен ауыратын адамдар дәрі-дәрмектерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүзеге аспақ. Министрлік науқастардың 96 пайызы осы сақтандырумен қамтылғанын хабарлады. Мүгедектігі бар жандарға, балалар және зейнеткерлер, жүкті келіншектер үшін МӘМС ақшасы мемлекет есебінен төленеді. Бұл тұрақты әрі уақытылы қаржыландыруға мүмкіндік беретін көрінеді. Яғни қант диабеті дертіне шалдыққандар дәрісін тұрақты әрі уақытылы алуға мұрындық болмақ.

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекет қант диабетімен ауыратын бір науқасты емдеу үшін жағдайының ауырлығына байланысты жылына 618 теңгеден 6,5 миллион теңге қаржы жұмсайтынын хабарлады. Барлық науқастардың ем-домы үшін жылына 46 миллиард теңге қаражат жұмсалады.

Бүгінде Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған диспансерлік есепте 535 мыңнан астам адам, оның ішінде 5 625 бала тұр. Олардың барлығы қажетті дәрі-дәрмектерді тегін алады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp