БҚО-да 12 адамда бүйрек синдромды геморрагиялық қызба анықталған

2025 жылдың алты айында кеміргіштерден вирусты инфекциялық сырқатты жұқтырғандар күрт көбейген.

БҚО-да 12 адамда бүйрек синдромды геморрагиялық қызба анықталған
Сурет www.pexels.com сайтынан жүктелді.

Биылғы жылдың алты айында Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромды геморрагиялық қызба атты вирусты инфекциялық сырқатты 12 адам жұқтырыпты. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Өткен жылы кеміргіштер тасымалдайтын ауруды  ешкім жұқтырмапты. Алты айдың ішінде вирустық инфекциялық дертті жеті адам Бөрлі ауданында, екі науқас Бәйтеректе, облыс орталығында үш тұрғын жұқтырған. Сала мамандары барлық науқастың ересектер екенін айтады.

— Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба — интоксикация, бүйрек зақымдалуымен және гемороргиялық синдроммен көрінетін жедел зоонозды табиғи ошақты вирусты инфекциялық ауру. Инфекция көзі — кеміргіштер, - дейді Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаны жұқтырғындарда қалтырау, бүйрек ауруы, бас ауруы, бұлшық ет ауруы, әлсіздік,гемаррагиялық бөртпе сынды клиникалық белгілері болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары кеміргіштермен ластанған болуы мүмкін өнімдерді пайлаланбау, азық-түлікті кеміргіштер жете алмайтын жақсы жабылған ыдыста сақтау, жеке гигиена ережелерін сақтау, дератизациялық жұмысты істеп, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp